
Жаз – демалыс мезгілі, алайда дәл осы кезеңде су айдындарында болатын қайғылы оқиғалар саны артады. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін, әсіресе «Бурабай» МҰТП аумағында, суда жүру ережелерін еске саламыз.
БОЛМАЙДЫ:
– рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде шомылуға;
– пирстен немесе жартастан суға секіруге;
– балаларды қараусыз қалдыруға, тіпті таяз суда да;
– жел тұрған кезде ашық суда үрмелі шеңберлерді пайдалануға және буйлардан әрі жүзуге;
– мас күйінде суға түсуге.
Балалар – тек ересектердің бақылауында болуы тиіс!
Бар болғаны бірнеше секундтық бейқамдық – орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Есіңізде болсын: су салғырттықты кешірмейді.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Қауіпсіз демалыс – сіздің қолыңызда!