Басты бетҚұрметті «Бурабай» МҰТП қонақтары!

Құрметті «Бурабай» МҰТП қонақтары!

Құрметті «Бурабай» МҰТП қонақтары!

Орманда серуендегенде немесе саңырауқұлақ тергенде адасып кетпеу үшін, бағытыңызды алдын ала жоспарлаңыз. Бүгін саңырауқұлақ теру кезінде ұлттық парк қонақтарының бірі жолды таба алмай қалды. Абырой болғанда, оны Приозер орманшылығының орман шебері Александр Красноусов тез тауып алды.

МҰТП әкімшілігі саябақ картасын алдын ала қарап, бағдарларды есте сақтауды ұсынады: жолдар, соқпақтар, электр желілері, су айдындары. Жақындарыңызға қайда баратыныңызды және қашан оралатыныңызды айтып жүріңіз. Белгіленген соқпақтардан шықпаңыз, қажет болмаса орманға терең кірмеңіз, анда-санда артына бұрылып қараңыз — бұл кері жолды еске түсіруге көмектеседі. Өзіңізбен бірге аздаған су мен азық-түлік алыңыз.

Телефоныңыздың аккумуляторы толық зарядталғанын тексеріңіз.

Адасып кеткен жағдайда не істеу керек:

  • Тоқтап, жағдайды сабырмен бағалаңыз. Алақтап жүгірмеңіз — бұл адасу қаупін арттырады.
  •  
  • Соңғы көрген бағдарды еске түсіруге тырысыңыз.
  •  
  • 112 нөмірі бойынша жедел қызметке қоңырау шалыңыз және орныңыздан қозғалмаңыз. Іздеу жұмыстары сіздің орын ауыстырмауыңызбен жеңілдейді.