
2000 жылдың 12 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1246 қаулысымен «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды.
Содан бері 25 жыл бойы бізге ел сеніп тапсырған бірегей табиғи мұраны қорғау және көбейту сияқты құрметті миссияны атқарып келеміз.
Бүгінде МҰТП — бұл 129 мың га қорық аймағы, 14 көл, таулар, қарағайлы ормандар мен сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері.
Бурабайдың сұлулығын бірге сақтап жүрген баршаңызға алғыс айтамыз!