


«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде кәдімгі сарыбасжыландарды кездестіруге болады. Бұл түрді оңай тануға болады: қара түсті жыланның басында айқын сары дақтары болады. Кәдімгі сарыбасжылан усыз және адамға қауіп төндірмейді.
Ал парк аумағында абай болуды қажет ететін түр – бұл дала улы сұржыланы (степная гадюка). Бұл – улы жылан түрі. Бақытымызға орай, ол жиі кездеспейді.
Ұлттық парк қызметкерлері еске салады: сарыбасжылан экожүйеде маңызды рөл атқарады, олар кеміргіштер санын реттеп отырады. Оларды кездестіргенде сабыр сақтаған жөн.