
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ондаған мамандар еңбек етеді. Олардың арқасында ұлттық парк әсемдігін де, қауіпсіздігін де сақтап келеді. Солардың ішінде ерекше орын алатыны – өртке қарсы арнайы техниканың жүргізушілері. Өрттің таралуын дер кезінде тоқтату көбіне олардың тәжірибесі мен жедел қимылына байланысты.
Айдын Амангелдинұлы Ғаббасов ұлттық паркте он жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Ол бұл жерге 2013 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Орман шаруашылығы» мамандығын тәмамдаған соң келген. Содан бері оның өмірі Бурабаймен және орман қорғау ісімен тығыз байланысты.
— Біздің міндетіміз өзгермейді: өрт сөндіру көліктерінің жарамды болуын қадағалау және кез келген сәтте өртті сөндіруге дайын болу, — дейді Айдын. — Бастысы – шұғыл әрекет ету және өз міндеттеріңді нақты орындау.
Жаз айлары – ең жауапты әрі қиын кезең. Бұл уақытта Бурабайға көптеген туристер ағылады, ал олар әрқашан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай бермейді. Бұл орманшылар мен өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатады.
— Бізде жеңіл ештеңе жоқ, — дейді жүргізуші. — Дегенмен қызықты сәттер де болады. Мәселен, Жекебатыр тауында өрт шыққанда, үлкен МЧС тікұшағы келген еді, бұл өте әсерлі болды. Сондай-ақ МЧС-пен бірлескен оқу-жаттығулар да әрдайым тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Өрт сөндіру көлігін жүргізуші тек техниканы басқаруды ғана емес, сонымен бірге жер бедерінде еркін бағдарлай білуді, тез шешім қабылдауды меңгеруі керек. Сондай-ақ еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды — себебі әңгіме төтенше жағдайда адамдар мен техниканы тасымалдау туралы болып отыр.
Айдын өз кәсібін шын жүректен жақсы көреді және жастарға бұл мамандықтан қорықпай таңдауға кеңес береді:
— Келіңіздер, біз әрқашан қуаныштымыз! Ортақ үйіміз – табиғатты қорғау маңызды әрі қажетті іс, — дейді ол.
Тау бөктерінде, қылқан жапырақты ормандар арасында атқарылатын бұл жұмыс төзімділікті, тәртіптілікті және іске адалдықты талап етеді. Ал Айдын Ғаббасов сынды жандардың арқасында Бурабай жасыл да, таза да, болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз де болып қала береді.