
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту маманы С. Сейфуллин атындағы мектептің 7-сынып оқушыларымен, Астана қаласындағы Аграрлық университет студенттерімен және Боров орманшылығының инспекторларымен бірлесіп «Қоқысқа – жол жоқ» атты экологиялық акция өткізді. Іс-шараға барлығы 16 адам қатысты.
Акцияның мақсаты - жас ұрпақты экологиялық тұрғыдан тәрбиелеу, табиғатқа жанашырлықпен қарауды және отансүйгіштікті қалыптастыру. Қатысушылар Бурабай көлінің жағалауын қоқыстан тазартып, өңірдің бірегей экожүйесін сақтауға жеке үлестерін қосты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Отанға деген сүйіспеншілік шағын істерден басталады және ең алдымен әркім өзінен бастауы керек. Осындай акциялардың арқасында өскелең ұрпақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйреніп, экологиялық болашаққа тағы бір қадам жасайды.