
Бүгін Оқжетпес ауылындағы жылжымалы кітапханада Жұмысшы мамандықтар жылы мен «Бурабай» МҰТП-ның құрылғанына 25 жыл толуына арналған «Еңбек адамы жасай берсін» атты бірлескен іс-шара өтті.
Кездесу барысында Золотобор орманшылығының орманшысы Берік Төлегенұлы Сәдуақасов оқушыларға орманшы мамандығының ерекшеліктері мен табиғатты қорғаудағы маңызы туралы әңгімеледі. Ал «Бурабай» МҰТП-ның экологиялық ағарту жөніндегі маманы Жанна Жүсіпова ұлттық парк қызметкерлерінің табиғатты сақтаудағы еңбектерімен таныстырды.
Әңгіме Оқжетпес орта мектебінің 8-сынып оқушыларымен жүргізіліп, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және еңбек адамдарына құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.