
КГУ «Оқжетпес орта мектебінде» «Бурабай» МҰТП-ның экологиялық ағарту маманы Жанна Жүсіпова 5-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара 18 қазан – Орманшы күні мен ұлттық парктің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Кездесу барысында балаларға «Мамандық – орманшы» атты бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, оқушыларға орманшы мамандығына арналған танымдық викторина карточкалар түрінде ұсынылды.
Мұндай кездесулер балаларға ұлттық парк қызметкерлерінің еңбегімен жақынырақ танысуға, еңбек адамдарына деген құрметті қалыптастыруға және туған өлкенің табиғатына жанашырлықпен қарауды үйретуге көмектеседі.