Басты бет«Бурабай» МҰТП туристер мен табиғат жанкүйерлері үшін «Тұманды шың» атты жаңа экологиялық соқпақт...

«Бурабай» МҰТП туристер мен табиғат жанкүйерлері үшін «Тұманды шың» атты жаңа экологиялық соқпақты іске қосты

«Бурабай» МҰТП туристер мен табиғат жанкүйерлері үшін «Тұманды шың» атты жаңа экологиялық соқпақты іске қосты «Бурабай» МҰТП туристер мен табиғат жанкүйерлері үшін «Тұманды шың» атты жаңа экологиялық соқпақты іске қосты «Бурабай» МҰТП туристер мен табиғат жанкүйерлері үшін «Тұманды шың» атты жаңа экологиялық соқпақты іске қосты

Жаңа бағыт қонақтарды тыныштыққа, тазалыққа және тірі табиғатқа шақырады. Соқпақтың ұзындығы – 5 шақырым, жүру уақыты – шамамен 4 сағат.

Маршрут қарағайлы-қайыңды аралас орман арқылы өтеді. Соңғы нүктеде туристер 500 метр биіктіктегі Лысуха тауына көтеріледі, ол жерден төрт көлдің әсем көрінісі ашылады.

Жол бойында әртүрлі жануарларды кездестіруге болады: түлкі, ақ қоян, елік, кірпі, борсық, тиін және сан алуан құстар. Өсімдіктер әлемі қарағай, қайың, арша, итмұрын, құлпынай, тасқұмық, қазтабан, қылша, боз және шалғын көкпекпен ерекшеленеді.

«Тұманды шың» соқпағына не алу керек? Жорыққа ыңғайлы таймайтын табаны бар треккинг немесе спорттық аяқ киім, ауа райына сай киім, бас киім (жазда – күннен қорғайтын кепка, суықта – жылы бөрік), желден не жауыннан қорғайтын сырт киім, салқын күнде қолғап қажет.

Рюкзакқа су, ыстық шай немесе кофе құйылған термос, жеңіл ас салып алыңыз. Фотоаппарат немесе қуаты толық смартфон, телефонды қуаттауға арналған powerbank, күннен қорғайтын көзілдірік те артық болмайды. Жазда – күннен қорғайтын крем мен жәндіктерге қарсы құрал. Қалауыңыз бойынша – шыңға көтерілгенде көмектесетін треккинг таяқтары. Табиғатты аялау үшін – қоқыс салатын пакеттер және жергілікті карта немесе навигатор. Егер мұндай жорықтарда тәжірибеңіз аз болса, соқпақтан шықпаңыз.

Маңызды ескертулер:
• Жорыққа шығар алдында телефоныңызды толық зарядтаңыз
• Бағытыңыз туралы жақындарыңызға хабарлаңыз
• Уақытты есептеңіз: соқпақты өтуге шамамен 4 сағат қажет
• Күндіз ертерек жолға шығыңыз, қайтарда қараңғыға қалмау үшін
• Шығар алдында ауа райы болжамын тексеріңіз
• Табиғатты қорғаңыз: қоқыс тастамаңыз, өсімдіктерді жұлмаңыз, от жақпаңыз, жануарларды мазаламаңыз!

Жақсы саяхат пен ұмытылмас әсерлер тілейміз!