
1 қазан – Қазақстанда Қарттар күні аталып өтетін күн. Бұл – аға буынға құрмет пен ризашылық білдірудің, олардың өмірлік еңбегін бағалаудың күні. Осыған орай «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері өз ардагерлеріне ерекше ықылас танытты.
Парк ұжымы 125 ардагерді құттықтап, оларға сыйлық жиынтықтарын табыс етті және әрқайсысымен жылы әңгіме өрбітті. Қызметкерлер ардагерлерге ұзақ жылдар бойғы еңбегі, кәсіби адалдығы және парктің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты.
«Бурабай» МҰТП ұжымында аға буынға құрмет көрсету – дәстүр ғана емес, корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі. Ардагерлердің тәжірибесі мен даналығы жас мамандардың кәсіби қалыптасуында ерекше рөл атқарады.
Қызметкерлер ардагерлерге көпжылдық еңбегі мен өмірлік тәжірибесі үшін, табиғатты қорғау ісіне қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдірді. Бұл күні «Бурабай» МҰТП ұжымы парктың қалыптасуында еңбек еткен адамдарға деген құрмет пен ризашылық – оның тарихы мен болашағының ажырамас бөлігі екенін тағы бір мәрте атап өтті.