Басты бетТабиғатты қорғаудағы ширек ғасыр: «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне – 25 жыл

Табиғатты қорғаудағы ширек ғасыр: «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне – 25 жыл

Табиғатты қорғаудағы ширек ғасыр: «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне – 25 жыл Табиғатты қорғаудағы ширек ғасыр: «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне – 25 жыл

24 қазан күні Зелёный Бор кентіндегі Мәдениет үйінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Ақмола облысы әкімдігінің, орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау саласындағы аумақтық органдардың, салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, парк қызметкерлері мен саланың ардагерлері қатысты.

Шараны ашқан жүргізушілер атап өткендей, ширек ғасыр ішінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі үлкен жолдан өтті – алғашқы табиғатты қорғау бағыттарын құрудан бастап, орманды қалпына келтіру, биоәртүрлілікті мониторингтеу және экожүйелерді сақтау саласындағы заманауи тәсілдерді енгізуге дейін.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы атынан сөз сөйлеген басқарма басшысының орынбасары Ерлан Суттибаев «Бурабай» МҰТП ұжымына табиғи мұраны сақтау, экологиялық туризмді дамыту және ұлттық парктердің оң имиджін қалыптастыру ісіне қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.

Президент Іс басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары өз ісіне адалдық танытқан және ұзақ жылдар бойы еңбегімен ерекшеленген ұлттық парк қызметкерлеріне табыс етілді.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов те ұжымды мерейтоймен құттықтап, адал еңбегі мен ұлттық парктің табиғи байлығын сақтау ісіндегі күнделікті үлесі үшін ризашылығын білдірді. Ол сондай-ақ бұл саладағы ұрпақтар сабақтастығының маңызын атап өтті.

Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы атынан басшының орынбасары Арман Турумбаев әріптестеріне салалық марапаттар – «Еңбек сіңірген орман өсіруші», «Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атақтарын, сондай-ақ «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» және «Биоәртүрлілікті сақтауға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін табыстады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Батырбек Негметов те әріптестерін мерейтоймен құттықтап, белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар қызметкерлерге Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының медальдары мен грамоталарын табыс етті.

Салтанатты шара соңында «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Быков ерекше табиғатты қорғауға деген адалдығы мен еңбегі үшін ұжымға және серіктестерге алғыс айтты. Мерекелік көңіл-күйді концерттік нөмірлер толықтырды. Іс-шара қатысушылар мен қонақтардың естелік суретке түсуімен аяқталды.