Басты бетБармаш орманшылығында инспекторлар сирек құсты табиғатқа қайтарды

Бармаш орманшылығында инспекторлар сирек құсты табиғатқа қайтарды

Бармаш орманшылығында инспекторлар сирек құсты табиғатқа қайтарды

Бармаш орманшылығында тағы да бір ерекше жағдай тіркелді. Бұл оқиға бір нәрсені айқын дәлелдейді — бейжайлық бізге тән емес. Орман инспекторлары аумақты бақылау кезінде жергілікті тұрғындардан хабар алды: жеке тұрғын үй ауласында ерекше құс – нағыз құр (глухарь) пайда болған.

Құс, шамасы, әдеттегі мекенінен адасып, жем іздеп немесе жыртқыштардан қашып келген болуы мүмкін. Ол қатты қорқып, шатасқан күйде болған — машиналардың дыбысы, иттердің үруі мен адамдардың жақындығы оған мүлде жат орта.

Инспекторлар оқиға орнына дереу жетіп, жағдайды бағалады. Құсты табиғи мекеніне қайтару туралы шешім қабылданды. Қауіпсіздік мақсатында құрды абайлап ұстап, оның көлеміне сай қорапқа салды.

Құсты босататын орынды таңдау да мұқият жүргізілді: орманның қалың жері, жеткілікті қорек базасы және елді мекендерден қашық болуы басты шарт болды. Бостандыққа жіберілгеннен кейін, біраз бөгеліп тұрған құр қанатын қағып, орманның тереңіне сіңіп кетті.

Бұл оқиға — табиғатты қорғауға арналған мемлекеттік инспекторлардың еңбегінің тағы бір дәлелі. Олардың қырағылығы мен жылдам әрекетінің арқасында адасып кеткен құр өз үйіне — табиғи мекеніне оралды. Ал біз бұл кездесудің оған жағымсыз әсер қалдырмағанына үміттенеміз.

Ғылым бөлімінің мамандары глухарьлардың өміріндегі қызықты құбылыстың бірі — күзгі тоқ (токование) туралы айтып өтті. Көктемгі күйлеу кезеңінен айырмашылығы, күзгі тоқ — жас аталықтардың дайындық кезеңі, болашақ көктемгі жұптасу сайыстарына жаттығу уақыты.

Егер сіздің аулаңызға немесе елді мекенге құр сияқты сирек құс ұшып келсе, бұл жөнінде дереу хабарласыңыз: 8 71636 671629, 8 71636 671897.