Басты бетТабиғаттың жас достары: Бурабайда Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған байқаулардың же...

Табиғаттың жас достары: Бурабайда Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған байқаулардың жеңімпаздары анықталды

Табиғаттың жас достары: Бурабайда Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған байқаулардың жеңімпаздары анықталды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған шығармашылық байқаулардың қорытындысы шығарылды. Байқауға өңірдің алты мектеп орманшылықтары қатысты.

«Біз – табиғаттың достарымыз» атты сурет салу номинациясы бойынша бірінші орынды Макинка ауылының КММ «Жалпы білім беретін мектебі» 2-сынып оқушысы Алиса Крамаренко иеленді. Жеңімпазға «Бурабай» МҰТП атынан диплом мен ағаштан жасалған органайзер табысталды.
Екінші орын Зелёный Бор кентінің мектеп-гимназиясының 4 «Б» сынып оқушысы Дария Хамидуллаға бұйырды. Ол дипломмен марапатталды.
Үшінші орын КММ «Окжетпес жалпы білім беретін мектебінің» 4-сынып оқушысы Бибарыс Рысбекке берілді.

Ұйымдастырушылар байқаудың ең жас қатысушыларына – Щучинск қаласындағы №6 мектептің 1 «Б» сынып оқушылары Азат Махин, Савелий Подгорный, Айлин Лекерова, Ернар Асылбек және Иван Абрамовқа ерекше алғыстарын білдірді. Олардың суреттері шынайылығымен, жарқындығымен және экологиялық тақырыптың өзектілігімен ерекшеленді.

«Туған өлке: танымал және беймәлім қырлары» атты мектеп бейнероликтері байқауында бірінші орын мен «Бурабай» МҰТП-ның дипломын КММ «Окжетпес жалпы білім беретін мектебінің» 2-сынып оқушысы Балауса Сатылхан иеленді. Оның еңбегі брендтік футболкамен де атап өтілді.
Екінші орын – Котыркөл ауылы Досов атындағы мектептің 1 «Б» сынып оқушысы Мерьем Тимуроваға,
үшінші орын – Щучинск қаласындағы №6 мектептің 2-сынып оқушысы Илья Панышқа берілді.

Бейнероликтер байқауына қатысқан өзге оқушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Қазылар алқасы ерекше түрде Досов атындағы мектептің 3 «Б» сынып оқушыларының ұжымдық жұмысын атап өтті. Олар ұстаздарымен бірге экологиялық ағарту тақырыбын креативті әрі мазмұнды түрде бейнеледі.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мұндай байқаулардың маңызы зор екені атап өтілді. Олар оқушылардың табиғатқа деген құрметін арттырып, қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін күшейтеді және орманшы мамандығына деген қызығушылығын оятады.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс айтып, оқуда табыс, шабыт және жаңа шығармашылық жетістіктер тіледі.