Басты бетӨрт қаупі жоғары маусымның қорытындысы: Бурабайда өрттер мен құқықбұзушылықтар азайды

Өрт қаупі жоғары маусымның қорытындысы: Бурабайда өрттер мен құқықбұзушылықтар азайды

Өрт қаупі жоғары маусымның қорытындысы: Бурабайда өрттер мен құқықбұзушылықтар азайды

Мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi «Бурабай» аумағында өрт қаупі жоғары маусым аяқталды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлiгi Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiнiң 2025 жылғы 5 қарашадағы № 27-03/291-ңқ бұйрығына сәйкес, маусымның ресми түрде аяқталған күні 7 қараша болып белгіленді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша парк аумағында 8 өрт оқиғасы тіркелді. Жалпы жанған аумақ 0,7271 гектарды құрады, оның ішінде 0,7170 гектары орманмен жабылған жерлер. Келтірілген жалпы материалдық залал көлемі 263,7 мың теңгені құрады.
Өрт себептері бойынша:

  • 5 жағдай — найзағай разряды салдарынан,

  • 1 жағдай — тұрғындардың кінәсінен,

  • 2 жағдай — анықталмаған себептерден болған.

Өрттің алдын алу мақсатында жыл бойы ауқымды профилактикалық іс-шаралар атқарылды.
Жалпы ұзындығы 105 шақырым жаңа минералданған жолақ жасалып, бұрыннан бар жолақтарда 9580,4 шақырым көлемінде күтім жұмыстары жүргізілді.

Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылау барысында мемлекеттік инспекторлар 300 құқықбұзушылықты анықтап, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырды, олардың ішінде:

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға рұқсатсыз кіру — 178,

  • ЕҚТА режимін бұзу — 86,

  • балық аулау ережесін бұзу — 21,

  • заңсыз ағаш кесу — 3,

  • өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу — 2,

  • аумақты қоқыспен ластау — 4,

  • өзге де бұзушылықтар — 6.

Әкімшілік хаттамалар саны бойынша Боровской (92), Ақылбай (80) және Бармашин (55) орманшылықтары алдыңғы қатарда.

2024 жылмен салыстырғанда құқықбұзушылықтар саны 15%-ға азайды (2024 жылы — 465 хаттама). Бұл көрсеткіш келушілердің экологиялық мәдениетінің артып келе жатқанын және парк қызметкерлерінің алдын алу жұмыстарының тиімділігін дәлелдейді.

Өрт қауіпсіздігін күшейту және материалдық-техникалық базаны жаңарту мақсатында 2025 жылы парк 4 бірлік өрт сөндіру техникасын және жалпы құны 320 миллион теңгеден астам болатын құрал-жабдықтар сатып алды. Олардың қатарында 249 жеке қорғаныс құралы, 27 бензинді ара, 11 мотопомпа, 6 ауа үрлегіш, 64 арқалық бүріккіш және 128 мырышталған шелек бар.

Жүйелі профилактикалық жұмыс пен техникалық жаңғырту нәтижесінде ГНПП «Бурабай» орман экожүйелерінің қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етіп, табиғи аймақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында нәтижелі қызметін жалғастыруда.