1 желтеден бастап «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау бойынша күшейтілген режим басталды. Бұл кезеңде заңсыз кесу деректері жиілейтіндіктен, барлық орманшылықтар, орман бөлімі, жануарлар дүниесін қорғау бөлімі және ғылыми бөлім күндізгі әрі түнгі кезекшілікке көшеді.
Бұйрық патрульдеуді күшейтуді ғана емес, халық арасында түсіндіру жұмыстарын да белсенді жүргізуді міндеттейді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қылқан жапырақты орман алқаптарына ұқыпты қараудың маңыздылығы және заңсыз кесу үшін жауапкершілік туралы кең көлемде ақпарат берілетін болады.