«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристік және рекреациялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін ұзақ мерзімді жалға беру жоспары бар екенін хабарлайды. Бұл бастама атақты «Бурабай» курорты аумағында қонақ үйлер, этноауылдар және туристік әрі рекреациялық мақсаттағы нысандар салуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Аталған бастама Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ақбура», Жүкей көлі, Қатаркөл және Текекөлді қоса алғанда, жаңа туристік аймақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. «Бурабай» ұлттық паркі инвестиция тарту және рекреациялық инфрақұрылымның бірегей нысандарын құру мақсатында, сирек баратын әрі әлеуеті жоғары локацияларды игеруге басымдық бере отырып, жер учаскелерінің пулын қалыптастыруда.
Жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкестікте, барлық экологиялық талаптар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғау режимдерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Жер учаскелерін беру тәртібі мен жалға алу шарттары туралы толық ақпарат парктің ресми сайтында жарияланады: https://burabaypark.qr-pib.kz.
«Бурабай» МҰТП инвесторларды, кәсіпкерлерді және туризм саласының өкілдерін жаңартуларды қадағалап отыруға және өңірдің туристік тартымдылығын жаңа деңгейге шығаратын жаңа нысандарды құруға қатысуға дайындалуға шақырады.