Басты бет«Болектау» геймификацияланған экотропа жобасы Еуропада зерттеледі

«Болектау» геймификацияланған экотропа жобасы Еуропада зерттеледі

«Болектау» геймификацияланған экотропа жобасы Еуропада зерттеледі «Болектау» геймификацияланған экотропа жобасы Еуропада зерттеледі «Болектау» геймификацияланған экотропа жобасы Еуропада зерттеледі

Қазақстанда жүзеге асырылған «Болектау» геймификацияланған экологиялық соқпақ жобасы халықаралық деңгейде мойындалып, IN SITU зерттеу жобасының ғылыми комитеті тарапынан іріктелді. Ол Еуропада урбанизацияланбаған аумақтарды креативті дамыту үлгісі ретінде ұсынылады.

Қазақстандық тәжірибе 2026 жылғы 11-13 мамыр аралығында Латвияның Валмиера қаласында өтетін «Culture Matters Here: Cultivating Creative Place-Based Innovation in Non-Urban Communities» халықаралық конференциясында таныстырылады.

Зерттеуді жоба авторлары – Ирина Харитонова және Александра Харитонова ұсынады.

IN SITU жобасы мәдени және креативті индустриялардың шағын қалалар, ауылдық аумақтар мен табиғи өңірлердің дамуына қалай әсер ететінін зерттейді. Бұл бағытта мәдениет, цифрлық технологиялар, тұрақты туризм және жергілікті экономиканы ұштастыруға басымдық беріледі.

«Болектау» жобасы – табиғи аумақтардың тұрақты туризм, экологиялық білім беру және цифрлық шешімдер тоғысқан инновациялық алаңға айнала алатынын көрсететін жарқын мысал.

Аталған жоба Орталық Азиядан зерттеу күн тәртібіне енгізілген алғашқы кейстердің бірі болды. Бұған дейін жоба аясында негізінен еуропалық тәжірибелер қарастырылып келген.

Еске сала кетейік, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан «Болектау» геймификацияланған экотропасы – 2025 жылғы қыркүйекте ашылған Қазақстандағы алғашқы интерактивті жаяу маршрут. Ол тік өрлеуді QR-кодтар, үш тілдегі аудиогид және Telegram-бот арқылы қызықты квестке айналдырады. Жоба заманауи материалдарды қолдану арқылы қауіпсіздік пен экологиялық ағартуды қамтамасыз етеді.

Ауқымды жобаны іске асыру Home Credit Bank, ГНПП «Бурабай» және Ақмола облысының туризм басқармасының серіктестігі арқасында мүмкін болды.