Ауа температурасының көтерілуіне байланысты және су айдындарында жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында 2026 жылғы 5 сәуірден бастап «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің барлық су айдындарында әуесқой (спорттық) балық аулауға арналған жолдамаларды сату уақытша тоқтатылады.
Балық аулауға қойылған шектеу су айдындарындағы мұз толық ерігенге дейін жалғасады.