Басты бетБурабайдың үндері: құстар табиғи тепе-теңдікті қалай сақтайды

Бурабайдың үндері: құстар табиғи тепе-теңдікті қалай сақтайды

Бурабайдың үндері: құстар табиғи тепе-теңдікті қалай сақтайды Бурабайдың үндері: құстар табиғи тепе-теңдікті қалай сақтайды Бурабайдың үндері: құстар табиғи тепе-теңдікті қалай сақтайды Бурабайдың үндері: құстар табиғи тепе-теңдікті қалай сақтайды Бурабайдың үндері: құстар табиғи тепе-теңдікті қалай сақтайды Бурабайдың үндері: құстар табиғи тепе-теңдікті қалай сақтайды Бурабайдың үндері: құстар табиғи тепе-теңдікті қалай сақтайды Бурабайдың үндері: құстар табиғи тепе-теңдікті қалай сақтайды
1 сәуірде Халықаралық құстар күні атап өтіледі. Бұл – құстардың табиғи экожүйелердегі маңызды рөлін және оларды қорғау қажеттігін еске салатын экологиялық мереке. «Бурабай» ұлттық паркінде бұл күн ерекше мәнге ие. Көктемнің келуімен мұнда жыл құстары қайта оралып, парк қайтадан олардың әуезді үніне толады.

Парк аумағындағы орнитофауна 221 құс түрін қамтиды. Оның ішінде 16 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, тағы 21 түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағының қорғау мәртебесіне ие. Олардың қатарында аққу-сұңқылдақ, скопа, бүркіт, аққұйрық субүркіт, сұңқар, дала қыраны, тырна-қызғыш және үкі бар. Бұл түрлер тек сирек кездесетін құстар ғана емес, сонымен қатар экожүйенің жағдайын, тұрақтылығы мен тепе-теңдігін көрсететін маңызды индикаторлар.

Көктемнің келуімен парк аумағында табиғаттың ояну белгілері байқала бастады: су айдындарына аққулар қайта оралды. Мұндай құбылыстар кездейсоқ емес, бұл – мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи бағдарлау қабілетінің нәтижесі.

Құстар «Бурабай» ұлттық паркінің экожүйесінде маңызды рөл атқарады. Олар жәндіктер мен ұсақ жануарлардың санын реттеп, зиянкестердің көбеюіне жол бермейді, тұқым тарату арқылы ормандардың табиғи жаңаруына ықпал етеді, сондай-ақ қоректік тізбектің маңызды буыны ретінде түрлер арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. Бұдан бөлек, көптеген құстар биоиндикатор қызметін атқарады — олардың жағдайы мен саны арқылы табиғи ортаның жалпы ахуалын бағалауға болады.

Жиі қойылатын сұрақтың бірі — құстарды қоректендіруге бола ма? Жалпы, ұлттық парк аумағында жабайы жануарларды қолдан қоректендіруге тыйым салынған. Бұл – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережелерінің бірі. Дегенмен, ұсақ отырықшы құстар үшін арнайы жемсалғыштар қарастырылған. Олар жағалау бойында және елді мекендерде, соның ішінде мектеп оқушыларының қатысуымен орнатылады. Дәл осы жерлерде маусымдық қолдау және экологиялық тәрбие мақсатында құстарды қоректендіруге рұқсат етіледі. Әдетте мұндай жемсалғыштарға шымшықтар, тоқылдақтар, сауысқандар мен кептерлер келеді.

Алайда ірі және жабайы құстар — аққулар, бүркіттер және басқа да жыртқыш құстар — қосымша қоректендіруді қажет етпейді. Олар табиғи мінез-құлқын сақтайды, адамнан алшақ жүреді және өз қорегін өздері таба алады. Адамның араласуы олардың табиғи тіршілік ету тетіктерін бұзады.

Құстар – тек көктемнің белгісі ғана емес. Олар – нәзік әрі күрделі табиғи жүйенің ажырамас бөлігі. Кез келген ұқыпсыз әрекет салдарға әкелуі мүмкін. Ұлттық парк аумағында құстардың ұяларын, індерін, апандарын және құмырсқа илеулерін бұзуға қатаң тыйым салынады. Бұл талап – жай ғана ереже емес, табиғатты бастапқы қалпында сақтау үшін қажет шарт.

Бүгінде Бурабай құстардың үнімен жаңғырып тұр. Орман іші шымшықтар мен өзге де құстардың сайрауына толы. Осы үннің ертең де сақталуы – әр адамның табиғатқа деген жауапкершілігіне байланысты.