Басты бет«Бурабай» ұлттық паркі ормандарды қорғауға дайындықты күшейтті

«Бурабай» ұлттық паркі ормандарды қорғауға дайындықты күшейтті

«Бурабай» ұлттық паркі ормандарды қорғауға дайындықты күшейтті «Бурабай» ұлттық паркі ормандарды қорғауға дайындықты күшейтті «Бурабай» ұлттық паркі ормандарды қорғауға дайындықты күшейтті

2026 жылғы 6 сәуірден бастап «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өрт қауіпті кезеңде орман қорын қорғау аясында күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Ұлттық парк өрттердің алдын алу үшін қатаң шаралар қабылдауда.

Маусымға дайындық шеңберінде барлық құрылымдық бөлімшелерде он орманшылық бойынша кеңестер өткізілді, өртке қарсы техника мен жабдықтарға түгендеу жүргізілді. Кезекшілік кестелері бекітіліп, геопортал деректерімен тұрақты салыстыру жүргізілуде, от жағуға тыйым салудың сақталуына бақылау күшейтілді. Сонымен қатар халық пен келушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар ұлттық паркте профилактикалық іс-шаралар басталды. Автожолдар бойында, егістік алқаптар мен жайылымдардың шекараларында  тиісті қызмет өкілдерінің қатысуымен ұзындығы 104 км болатын құрғақ шөпті бақылаулы көктемгі өртеу жүргізілді. Сондай-ақ минералданған жолақтар жасау жұмыстары жүргізілді. Бұл – топырақтың ашық қабаты бар учаскелер, олар оттың таралуына жол бермей, жалынның орман алқаптарына өтуіне кедергі жасайды.

Бұдан бөлек, «Бурабай» МҰТП аумағында «Smart National Park Burabay» өрттерді ерте анықтау жүйесі жұмыс істейді. Жүйе ТЖМ командалық орталығымен біріктірілген. Бейнебақылау камералары парктің негізгі нүктелеріне орнатылып, тәулік бойы жағдайды бақылап отырады. Жүйе түтін белгілерін автоматты түрде тіркеп, координаттарын анықтап, диспетчерге сигнал жібереді.

Жақында Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп аталған жүйеге тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша жүйенің техникалық жағдайына оң баға берілді.

«Бурабай» МҰТП ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару қағидаларын және Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабы 3-тармағына сәйкес, бұл талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сондай-ақ, ұлттық паркте сенім телефоны жұмыс істейді. Құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда 8 (71636) 71983 және 73665 нөмірлері бойынша хабарлауды сұраймыз.