«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері Сарыбұлақ өзенінің арнасын тазарту жұмыстарын жүргізуде. Іс-шара «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы шеңберінде өтуде.
Акцияның мақсаты - су көздерін, яғни бұлақтар мен өзендерді және жағалау аумақтарын тұрмыстық қалдықтардан тазарту, сондай-ақ табиғи экожүйенің тепе-теңдігін сақтау.
Мұндай бастамалар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.