Басты бет«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі тендерлік құжаттама жобасын алдын ала талқылаудың баста...

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі тендерлік құжаттама жобасын алдын ала талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі тендерлік құжаттама жобасын алдын ала талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Тендерлік құжаттама жобасы рәсімнің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшелері мен әлеуетті қатысушылардан ескертулер мен ұсыныстар алу мақсатында тендерді ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында орналастырылды.

Алдын ала талқылау мерзімі тендерлік құжаттама жобасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күнді құрайды.

Ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшелері мен әлеуетті қатысушылар тендерлік құжаттама жобасының ережелерін түсіндіру бойынша жазбаша сұраулар жолдауға, сондай-ақ негізделген ескертулер мен ұсыныстарды тендерді ұйымдастырушының атына ұсынуға құқылы.

Өтініштер жазбаша түрде қабылданады:
• электрондық пошта арқылы: otdel.gnpp.turizma@mail.ru
• немесе мекенжай бойынша: 021708, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі 47/Б.

Алдын ала талқылау қорытындысы бойынша келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар, сондай-ақ қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтитын тиісті хаттама жасалады.

Ескертулер мен ұсыныстар болмаған жағдайда, тендерлік құжаттама белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Тендерлік құжаттама осы белсенді сілтеме арқылы қолжетімді.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (71636) 7-19-19.

«Бурабай» МҰТП