Басты бетБурабай ұлттық саябағында бір ұрғашы қаршыға адамдардан көмек сұрады.

Бурабай ұлттық саябағында бір ұрғашы қаршыға адамдардан көмек сұрады.

Бурабай ұлттық саябағында бір ұрғашы қаршыға адамдардан көмек сұрады.

«Щучинский» шипажайының демалушылары қозғала алмай, адамдардан қашқақтап жүрген құс туралы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне хабарлаған. Жабайы табиғатта мұндай жағдайлар жиі кездесетіні белгілі.

Оқиға орнына Бармашин  орманшылығының қызметкерлері дереу шықты. Орманшы Тайшиков М. мен орман шебері Курманкулов  Е. шипажай аумағынан құсты тауып алды. Ол әдетте адамнан бойын аулақ ұстайтын орманның сақ тұрғыны — ұрғашы құр болып шықты.

Құрлар - құртәрізділер тұқымдасына жататын ірі орман құстары. Ұрғашылары ашық түсті аталықтардан ерекшеленіп, қоңыр ала-құла қорғаныш реңге ие болады, бұл оларға бұталар арасында жасырынуға мүмкіндік береді. Бұл құстар тұқым таратуға қатысып, орман экожүйесінің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады.

Құс сақтықпен ұсталып, «Бурабай Даму» ЖШС зообағына жеткізілді. Тексеру барысында оның аяғы жарақаттанғаны анықталды. Ветеринарлар алғашқы көмек көрсетіп, ауырсынуды басатын ем қолданды. Қазіргі уақытта ұрғашы құр жеке қоршауда мамандардың бақылауында. Жануарларды күтіп-баптайтын қызметкерлер оның жағдайын қадағалап, тиісті күтім мен тыныштықты қамтамасыз етуде.

Мұндай жарақаттарды құстар табиғатта соқтығысу, жыртқыштан қашу кезінде немесе адам мен инфрақұрылым әсерінен алуы мүмкін.

Құс толық сауығып кеткеннен кейін табиғи мекеніне қайта жіберіледі.