Басты бетБурабай жасыл желекке бөленуде: ұлттық паркте 3,5 миллионнан астам қарағай көшеті отырғызылды

Бурабай жасыл желекке бөленуде: ұлттық паркте 3,5 миллионнан астам қарағай көшеті отырғызылды

Бурабай жасыл желекке бөленуде: ұлттық паркте 3,5 миллионнан астам қарағай көшеті отырғызылды
Мемлекет басшысының Қазақстан аумағында 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман қорын қалпына келтіру және еліміздің табиғи байлығын сақтау бағытындағы ауқымды жұмыстар жалғасуда.

Ұлттық парк 2021-2027 жылдарға арналған орманды молықтыру және орман өсіру алқаптарын ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруда.

2021-2026 жылдар аралығында «Бурабай» МҰТП аумағында 3 миллион 505 мың қарағай көшеті отырғызылды.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады: 2027 жылы тағы 200 мыңнан астам жас көшет отырғызу жоспарланып отыр.

Әрбір жаңа көшет — Бурабай экожүйесінің болашағына қосылған үлес, биоалуантүрлілікті сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту және келешек ұрпақ үшін «жасыл қалқан» қалыптастыру.

Орман бір күнде қалпына келмейді. Бірақ ертеңгі табиғаттың негізі дәл бүгін қаланады.