Ол шолу алаңдарының біріне көтерілген кезде аяғын тайдырып алып, жарақаттап алған.
Күрделі жер бедерімен өздігінен төмен түсуге зардап шеккен азаматша тәуекел етпеді. ҚР ТЖМ қызметкерлері «Бурабай» ұлттық паркінің мамандарымен бірлесіп, қызды жетуі қиын аумақтан абайлап эвакуациялап, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
Таудағы негізгі қауіпсіздік ережелері:
- Маршрутты алдын ала жоспарлаңыз, жолды зерттеп, демалыс орындары мен шығу бағыттарын белгілеңіз;
- Ауа райы болжамын тексеріңіз, тауда ауа райы жылдам өзгереді;
- Жақындарыңызға қайда бара жатқаныңызды және қашан оралуды жоспарлап отырғаныңызды хабарлаңыз;
- Ыңғайлы әрі жылы киім киіңіз, жаз мезгілінде де тауда салқын болуы мүмкін;
- Өзіңізбен су мен жеңіл ас алыңыз, шөл мен аштық күш-қуатты азайтады;
- Міндетті түрде дәрі қобдишасы мен навигация құралдарын: пластырь, ауырсынуды басатын дәрі, карта немесе GPS алыңыз;
- Тауға жалғыз шықпаңыз, топпен жүрген қауіпсіз;
- Күшіңізді үнемдеңіз, жүктемені дұрыс есептеп, демалыс үшін аялдап отырыңыз;
- Соқпақ жолдан шықпаңыз, жолды қысқартамын деп қауіпке бармаңыз.
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау таудағы демалысты қауіпсіз және жайлы етуге көмектеседі.