Басты бетТыл ардагерін құттықтады

Тыл ардагерін құттықтады

Тыл ардагерін құттықтады

ҚР ПІБ «Бурабай» МҰТП ұжымы тыл ардагері Қорабай Шамғоновты 9 Мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. Ұлттық парктің экономика және күрделі салымдар жөніндегі директор орынбасары Олжас Жортаров ұжым атынан Көкшетау қаласында ардагердің шаңырағына барып, Ұлы Отан соғысы жылдарында Жеңісті жақындатуға қосқан ерен еңбегі үшін зор алғысын білдірді.

Қорабай Шамғонов қонақтарды жылы қарсы алып, көрсетілген құрмет пен ықылас үшін ризашылығын жеткізді. ҚР ПІБ «Бурабай» МҰТП ұжымы атынан ардагерге сыйлық табысталды.