Басты бетSmart орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің арқасында Бурабайда орман өрті жедел түрде сөндірілді

Smart орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің арқасында Бурабайда орман өрті жедел түрде сөндірілді

Smart орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің арқасында Бурабайда орман өрті жедел түрде сөндірілді Smart орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің арқасында Бурабайда орман өрті жедел түрде сөндірілді Smart орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің арқасында Бурабайда орман өрті жедел түрде сөндірілді Smart орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің арқасында Бурабайда орман өрті жедел түрде сөндірілді

2026 жылғы 17 маусымда сағат 10:43-те «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Боров орманшылығы аумағында, 96-орамның 47-телімінде найзағай разрядының салдарынан өрт оқиғасы тіркелді.

Smart орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің тиімді жұмысының арқасында өрт ошағы дер кезінде анықталып, оны сөндіру жұмыстары жедел басталды. Бұл өз кезегінде өрттің үлкен аумаққа таралуына жол бермеді.

Өрт шарпыған аумақтың көлемі орманмен көмкерілген жердің 0,001 гектарын құрады.

Өртті сөндіруге «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және «ҚазАвиаОрманҚорғау» РМКК күштері мен құралдары жұмылдырылды. Жалпы өртті жою жұмыстарына 20 адам қатысып, 5 техника бірлігі тартылды. Олардың қатарында өрт сөндіру автокөліктері, шағын орман патрульдік кешені, сондай-ақ жағдайды бақылау және әуеден үйлестіру жұмыстарын жүргізу үшін көтерілген тікұшақ болды.

Өрт сағат 10:43-те анықталып, сағат 11:15-те сөндіру жұмыстары басталды. Ал сағат 11:39-да өрт оқшауланды.

Өрт ошағы көл деңгейінен шамамен 300 метр биіктікте, жартасты бедері мен тік өрлеуі бар жетуі қиын аумақта орналасқан болатын. Бұл жағдай мамандардың жұмысын едәуір қиындатты. Соған қарамастан, қызметкерлердің бірлескен іс-қимылы мен жедел әрекет етуінің арқасында өрттің таралуына жол берілген жоқ.

Қазіргі уақытта мамандар өрт салдарын толық жою бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуде. Ұлттық парк аумағына келтірілген залалдың мөлшері барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде анықталатын болады.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі келушілерді, әсіресе өрт қаупі жоғары кезеңде, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тіпті болмашы салғырттықтың өзі ұлттық парктің бірегей экожүйесіне елеулі зиян келтіруі мүмкін. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.