Басты бет«Бурабай» Jibek Joly арнасында: ұлттық парк Ақмола облысының ормандары туралы ауқымды жобаның бір...

«Бурабай» Jibek Joly арнасында: ұлттық парк Ақмола облысының ормандары туралы ауқымды жобаның бір бөлігіне айналды

«Бурабай» Jibek Joly арнасында: ұлттық парк Ақмола облысының ормандары туралы ауқымды жобаның бір бөлігіне айналды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (МҰТП) Ақмола облысындағы орман шаруашылығын дамытуға, биоалуантүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғаудың заманауи тәсілдеріне арналған Jibek Joly телеарнасының «Экоаудит» арнайы бағдарламасының түсіріліміне қатысты.

Түсірілім тобы өңірдегі бірқатар табиғатты қорғау және орман шаруашылығы нысандарында болып, Қазақстандағы ең ірі әрі ең көп келушілер қабылдайтын ұлттық парктердің бірі – «Бурабай» МҰТП қызметіне ерекше назар аударды.

Сюжетте Бурабайдың бірегей экожүйесін сақтау, орманды қалпына келтіру жұмыстары, экологиялық туризмді дамыту, сондай-ақ келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман өрттерінің алдын алу бойынша қолданылатын заманауи технологиялар таныстырылды. Журналистер орман өрттерін ерте анықтауға арналған Smart Burabay жүйесіне де ерекше тоқталды. Бұл жүйе өрт ошақтарын жедел анықтап, олардың кең аумаққа таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, көрермендерге «Бурабай» МҰТП тұрақты орман питомнигінің жұмысы, орманшылар әулеттерінің сабақтастығы және ұлттық парк мамандарының Қазақстанның табиғи мұрасын сақтауға қосып жатқан үлесі туралы баяндалды.

Осындай жобаларға қатысу экологиялық мәдениетті насихаттауға, қоғамның табиғатты қорғау қызметі туралы хабардарлығын арттыруға және еліміздің бірегей табиғи аумақтарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады: