Басты бетБурабайда Көкшетау тауына бару уақытша шектеледі

Бурабайда Көкшетау тауына бару уақытша шектеледі

Бурабайда Көкшетау тауына бару уақытша шектеледі

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2026 жылғы 20 маусым күні сағат 07:00-ден бастап Көкшетау тауына бару уақытша шектелетінін хабарлайды.

Бұл шара ұлттық парк аумағында өрт қаупінің жоғары деңгейінің сақталуына байланысты енгізіліп отыр. Уақытша шектеу ықтимал өрттердің алдын алуға және Бурабайдың бірегей экожүйесін сақтауға бағытталған.

«Бурабай» МҰТП курорт қонақтары мен тұрғындарынан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, демалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды және ұлттық парктің баламалы туристік орындарына басымдық беруді сұрайды.

Бурабай табиғатын сақтау – әрбір келушінің жауапкершілігін талап ететін ортақ міндет.