Басты бет«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау бойын...

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және ұлттық парктің бірегей табиғи кешендерін сақтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда.

Кезекті рейдтердің қорытындысы бойынша 10 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, 8 азамат Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 380-1-бабы бойынша автокөлік құралдарын жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан тыс орман алқабына айдап кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Тағы бір құқық бұзушы рұқсат құжаттарынсыз туристік қызметті жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 372-бабының 4-бөлігі бойынша орманды ластағаны үшін тағы бір тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Бурабай» МҰТП автокөліктердің орман алқабына кіруі топырақ жамылғысының бүлінуіне және өсімдік жамылғысының зақымдануына әкелетінін еске салады. Ұлттық парк аумағында туристік қызметті жүзеге асыру үшін туроператорлар белгіленген тәртіпке сәйкес өтініш беріп, «Бурабай» МҰТП-мен шарт жасасуы және әрбір туристік рейске маршруттық парақтарды рәсімдеуі қажет.

Табиғатты қорғау режимінің сақталуын бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Рейдтік іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес туристер ең көп баратын аумақтарда өткізіледі.

«Бурабай» МҰТП келушілерді табиғатқа жауапкершілікпен қарауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу қағидаларын сақтауға және Бурабайдың бірегей экожүйесін сақтау әрқайсымызға байланысты екенін есте ұстауға шақырады. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.