Басты бетЕрте анықтау жүйесі «Бурабай» ұлттық паркіндегі екі орман өртінің таралуына жол бермеді

Ерте анықтау жүйесі «Бурабай» ұлттық паркіндегі екі орман өртінің таралуына жол бермеді

Ерте анықтау жүйесі «Бурабай» ұлттық паркіндегі екі орман өртінің таралуына жол бермеді Ерте анықтау жүйесі «Бурабай» ұлттық паркіндегі екі орман өртінің таралуына жол бермеді Ерте анықтау жүйесі «Бурабай» ұлттық паркіндегі екі орман өртінің таралуына жол бермеді

25 шілде күні «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында найзағай разрядтарының салдарынан екі табиғи өрт ошағы тіркелді. Орман өрттерін ерте анықтайтын Smart жүйесінің және мемлекеттік инспекторлар мен төтенше жағдайлар қызметі мамандарының жедел іс-қимылының арқасында екі өрт ошағы да дер кезінде анықталып, олардың таралуына жол берілмеді.

Алғашқы өрт Ақылбай орманшылығының 1-орамында (16-23-телімдер) орын алды. Дабыл түскен бойда оқиға орнына «Бурабай» МҰТП, Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, арнайы техника және «Қазавиаорманқорғау» РМК авиациясы жедел жіберілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» кәсіпорнының Ми-8 тікұшағы тартылып, жалпы көлемі 75 тонна суды 15 рет төкті. Жұмыстарға екпінді жел мен қолжетуі қиын таулы жер бедері кедергі келтірді. Соған қарамастан өрттің таралуына жол берілмей, сағат 16:54-те өрт оқшауланды. Өрттің алдын ала аумағы шамамен 0,06 гектарды құрады. Кейін өртті толық сөндіру жұмыстары жалғастырылды.

Сол күні сағат 15:30-да екінші өрт ошағы Боровое орманшылығы аумағында, Абылай хан алаңы маңынан анықталды. Оның да алдын ала себебі – найзағай разряды. Өртті сөндіруге ұлттық парктің 15 қызметкері, өрт сөндіру автоцистернасы және шағын орман өртін сөндіру кешені жұмылдырылды. Өрт сөндіру басталғаннан кейін небәрі 10 минуттың ішінде өрт оқшауланды. Өрт шарпыған аумақ бар болғаны 0,001 гектарды құрады.

Бұл екі жағдай да ұлттық парк аумағында орнатылған Smart орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Заманауи бейнекамералар орман алқабын тәулік бойы бақылап, түтіннің ең шағын белгілерін де бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде күштер оқиға орнына қысқа мерзімде жіберіліп, шағын өрт ошақтарының ірі орман өртіне ұласуына жол берілмейді.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі келушілерге парк аумағында өрт қаупі жоғары кезеңнің әлі де жалғасып жатқанын еске салады және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.