Басты бет«Бурабай» МҰТП туристік бағыттарына бейнебақылау камералары орнатылуда

«Бурабай» МҰТП туристік бағыттарына бейнебақылау камералары орнатылуда

«Бурабай» МҰТП туристік бағыттарына бейнебақылау камералары орнатылуда «Бурабай» МҰТП туристік бағыттарына бейнебақылау камералары орнатылуда «Бурабай» МҰТП туристік бағыттарына бейнебақылау камералары орнатылуда «Бурабай» МҰТП туристік бағыттарына бейнебақылау камералары орнатылуда

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристік аймақтарға келушілердің санын бақылауға арналған автоматтандырылған жүйені енгізу жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жүйе бақылау алаңдарындағы қауіпсіздікті арттыруға, табиғи аумақтардың жай-күйін бақылауды күшейтуге және төтенше жағдайларға  жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жүйе ұлттық парктің жеті танымал туристік нысанын қамтиды. Олар: «Бөлектау» тауының бақылау алаңы, «Махаббат алаңы», «Аютас», «Кебістас», «Максимка» жартастары, сондай-ақ «Мойнақ жартасы» және «Иманай бұлағы» аумақтарындағы бақылау алаңдары.

Жүйені енгізу келушілердің қауіпсіздік деңгейін арттырумен қатар, туристік бағыттардың келушілер саны туралы нақты деректер алуға, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтуге және ұлттық парктің табиғи ресурстарын қосымша қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұрылмалы бейнекамералар аумақты 360 градус шолып бақылауды, 25 есе оптикалық үлкейтуді және инфрақызыл жарықтандырудың көмегімен қараңғы уақытта кемінде 150 метр қашықтыққа дейін бақылауды қамтамасыз етеді. Бағытталған камералар да түнгі уақытта жұмыс істей алады және бейнеаналитика функцияларымен жабдықталады.

Бақылау алаңдарынан келіп түсетін барлық ақпарат нақты уақыт режимінде «Бурабай» МҰТП Жедел басқару орталығына жеткізіледі. Бұл мамандарға туристік нысандардағы жағдайды қашықтан бақылауға, ықтимал қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтауға, оқиғаларға жедел әрекет етуге және қажет болған жағдайда ақпаратты төтенше жағдайлар қызметтері мен құқық қорғау органдарына уақтылы жолдауға мүмкіндік береді.