Басты бетКөкшетау және Бөлектау тауларына шығуға 20 тамызға дейін тыйым салынды

Көкшетау және Бөлектау тауларына шығуға 20 тамызға дейін тыйым салынды

Көкшетау және Бөлектау тауларына шығуға 20 тамызға дейін тыйым салынды

«Бурабай» МҰТП-де Көкшетау және Бөлектау тауларына шығуға уақытша тыйым салынды. Шектеу 10–20 тамыз аралығында қолданылады және мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупінің жоғары IV–V класының белгіленуіне байланысты енгізілді.

Тиісті бұйрыққа «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры 2026 жылғы 10 тамызда қол қойды.

Бұл шешім келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман өрттерінің алдын алу мақсатында қабылданды. Өрт қаупі жоғары кезеңде құрғақ орман төсеніштері мен өсімдіктердің тұтану қаупі айтарлықтай артады, ал қолайсыз ауа райы жағдайында өрт өте жылдам таралуы мүмкін.

Шектеу қолданылатын кезеңде Бурабай орманшылығының мемлекеттік инспекторларына Көкшетау және Бөлектау тауларына шығуға салынған тыйымның сақталуын бақылауды күшейту тапсырылды.

«Бурабай» МҰТП курорттық аймақ тұрғындары мен қонақтарын уақытша енгізілген шараға түсіністікпен қарауға, жабық маршруттарға өтуге әрекет жасамауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Назар аударыңыздар: шектеу тек Көкшетау және Бөлектау тауларына шығуға қатысты және 20 тамызды қоса алғанда қолданылады.

Өрт қаупі жоғары кезеңде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ормандарды сақтау ұлттық парктің басты басымдықтарының бірі болып қала береді.