Су айдындарында тұрақты мұз жамылғысының пайда болуымен суға оттегінің кіруі тоқтатылады. Осыған байланысты ихтиофауна өкілдерінде гипоксияның (ағзадағы оттегінің төмендеуі) пайда болу қаупі туындайды, бұл өз кезегінде олардың жаппай өліміне әкелуі мүмкін.
"Бурабай" МҰТП аумағындағы су айдындарында мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі әр 10 күн сайын ұлттық парктің ірі көлдерінің, оның ішінде Үлкен және Кіші Чебачье, Бурабай, Щучье және т. б. көлдерінің су құрамына гидрохимиялық бақылаулар жүргізеді.
Өлшеу құралдарымен химиялық көрсеткіштер анықталады, олардың ішінде рН деңгейі, еріген оттегінің мөлшері, тұздылығы.
Ихтиолог-инженер Максим Пактың айтуынша, су объектілеріндегі мұздың қалыңдығы тұрақты аяздан кейін қазір кей жерлерде 80-90 см жетеді. Балықтар мен басқа су организмдері тыныс алу үшін оттегін қажет етеді. Судағы оттегінің жеткілікті мөлшері олардың өсуіне, көбеюіне және өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайды. Су айдынында оттегі құрамының төмен көрсеткіші анықталған жағдайда "Бурабай" МҰТП қызметкерлері балық ресурстарын сақтау үшін аэрациялық іс-шаралар жүргізеді.
- Процесс ұңғыманы бұрғылаудан басталады, содан кейін осы ұңғымадан ағын жасау үшін мотопомпаның шлангісімен су мұзда дайындалған шұңқырға айдалады. Арық бойымен 5-6 метр ағып жатқан су көлге қайта құяды, ал зиянды газдар судан шығып, сонымен бірге су оттегімен қанығады. Жақында ұлттық парктің Темнобор орманшылығының қызметкерлері Жөкей көлін аэрациялады, онда су қоймасының таяз тереңдігіне байланысты оттегі мөлшері төмен,-дейді ол.
Су объектілерін аэрациялаудың келесі негізгі артықшылықтарын атап өтуге болады: судағы оттегінің еруін жақсарту; судың стратификациясын (әртүрлі температура қабаттарының пайда болуы) болдырмау; биохимиялық процестерге қатысатын бактериялардың белсенділігін арттыру.
Осылайша, су объектілерін аэрациялау су сапасын басқаруда және су экожүйелерінің қалпында сақтауда маңызды рөл атқарады.