«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» (Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 47Б) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы №73 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұлттық парк аумағындағы жер учаскелерін құрылыс нысандары үшін ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендер өткізілетінін хабарлайды.
Лоттардың қысқаша сипаттамасы бар тізбесі:
-
Лот №2
Орналасқан жері және аумағы
Бурабай орманшылығы, 14 орам, 3, 15, 19, 20 телімдер, аумағы 4 га
Нысаналы мақсаты
Тұрақ аймағы, жағажай аймағы, су көліктерін жалға беру пункті -
Лот №9
Орналасқан жері және аумағы
Бурабай орманшылығы, 4 орам, 21, 22 телімдер, аумағы 1 га
Нысаналы мақсаты
Демалыс аймағын салу -
Лот №23
Орналасқан жері және аумағы
Мирное орманшылығы, 115 орам, 1, 5 телімдер, аумағы 10 га
Нысаналы мақсаты
Қымыз кешені, этноауыл (қонақ үйлер, ат спорты кешені) -
Лот №30
Орналасқан жері және аумағы
Мирное орманшылығы, 2 орам, 7, 10, 11 телімдер, аумағы 20 га
Нысаналы мақсаты
Туристік және рекреациялық нысандар салу -
Лот №31
Орналасқан жері және аумағы
Мирное орманшылығы, 2 орам, 7 телім, аумағы 1 га
Нысаналы мақсаты
Туристік және рекреациялық нысандар салу -
Лот №36
Орналасқан жері және аумағы
Мирное орманшылығы, 98 орам, 22, 23 телімдер, аумағы 1,5 га
Нысаналы мақсаты
Қонақ үйлер салу -
Лот №41
Орналасқан жері және аумағы
Ақылбай орманшылығы, 12 орам, 1, 2, 3, 4 телімдер, 35 орам, 4, 6 телімдер, аумағы 20 га
Нысаналы мақсаты
Этноауыл салу
Тендерлік құжаттама ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған
https://burabaypark.qr-pib.kz/ru/
Тендерлік өтінімдерді қабылдау орны
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 47Б, туризм және рекреация бөлімі
Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі
2026 жылғы 15 мамыр қоса алғанда
Тендерлік құжаттама